Сот қамаудағы Oyan, Qazaqstan белсенділерінің өтінішін қанағаттандырмады


29/12/2023
17:31 10675 0

Фото: Есдәулет Қызырбекұлы / Masa Media

 

Алматыда апелляциялық сот Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері Равкат Мұхтаров пен Бота Шәріпжанға шыққан шешімді өзгертпеді. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов Азаттық радиосына мәлімдеді. 

 

– Шағым бірінен кейін бірі қаралды. Онлайн сотқа Бота мен Равкат та қатысты. Бәрін айттық. Жүз жыл бұрын совет билігі ғылыми қызметкерлерді, зиялыларды түрмеге отырғызды. Қазір енді біз де соған келе жатырмыз. Бұл не сұмдық дедім. Бұл болашаққа жасалып жатқан қиянат дедім. Ал прокурор олар бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деп шешімді өзгертпеуді сұрады, - деді адвокат.

 

25 желтоқсанда Алматы әкімшілік соты Oyan, Qazaqstan! белсенділері Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаровты «Бейбіт митинг өткізу ережесін бұзу» бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 күнге қамаған. Белсенділер өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Олар 16 желтоқсан тәуелсіздік күні алаңға барып, Желтоқсан, Жаңаөзен және Қаңтар оқиғаларының құрбандарына тағзым етіп, акция өткізген. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

29/12/2023 17:31
10675 0

Уведомление